Бұл жеңісімді қазақ еліне, сосын ата-анам мен әйеліме арнаймын. Бұл менің соңғы Олимпиадам. Қолдан келгеннің бәрін істедім. Жасым болса 32-ге келді. 60 келіде сегіз жыл күресіппін. Сол салмақта бұйырмаған Олимпиада 66 келіде бұйырды.
Ғұсман Қырғызбаев - Париж Олимпиадасының қола жүлдегері
Бұл қазақ дзюдосы тарихындағы триумф! Парижде алғаш рет олимпия ойындарында біздің команда 1 алтын, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Кеше Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазаққа айналды. Осыған дейін Парижде Ғұсман жеңген палуандар: Давид Гарсия Торне (

Бұл қазақ дзюдосы тарихындағы триумф! Парижде алғаш рет олимпия ойындарында біздің команда 1 алтын, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Кеше Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазаққа айналды.
Осыған дейін Парижде Ғұсман жеңген палуандар:
Давид Гарсия Торне (Испания) - Еуропа чемпионы;
Ан Ба Уль (Оңтүстік Корея) - Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, 2 дүркін қола жүлдегері, жазғы Азия ойындарының жеңімпазы;
Валид Хяр (Франция) - әлем чемпионатының қола жүлдегері (2023 жыл), Еуропа чемпионы;
Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев - әлем чемпионатының күміс жүлдегері (60 кг, 2021 жыл), Азия чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері. Бұл оның алғашқы Олимпиадасы.
Қырғызбаев жеңісінен соң Ulysmedia тілшісіне:
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·