Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Астанадағы саябақта карусельден балалар отырған кабина құлады

Астанадағы орталық саябақта карусельдің балалар отырған кабинасы құлап кетті, деп хабарлайды Todayinfo.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Астанадағы саябақта карусельден балалар отырған кабина құлады
📷 Дереккөз: orda.kz

Астанадағы орталық саябақта карусельдің балалар отырған кабинасы құлап кетті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Оқиға туралы әлеуметтік желіде елорда тұрғыны айтып берді. Оның сөзінше, карусель бірнеше айналымнан кейін екі қызы отырған кабина құлаған. Аттракцион жұмысы тоқтатылды.

Саябақ басшылығы бұл алғашқы мұндай жағдай екенін, себебі механизмге бөгде зат түскенін мәлімдеді. Орталық саябақты басқаратын компания басшысы: «Бұл — миллионда бір кездесетін жағдай. Болашақта мұндай қайталанбайды, біз толық техникалық шешім таптық», — деді.

Аттракцион кішігірім болғандықтан, ауыр жарақаттар болмаған. Қазір ол қайта тексерістен өткізілгенше іске қосылмайды.

Бұған дейін сенатор Нурия Ниязова аттракциондарды пайдалану ережелерін қатайтуды ұсынған. Ол қауіпсіз пайдалану ережелерін әзірлеп, бекітуді, уәкілетті органды анықтауды, цифрлық тізілім құруды, кәсіби стандарт пен аттестация жүйесін енгізуді, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді талап еткен.

Ұқсас материалдар

Астанадағы саябақта карусельден балалар отырған кабина құлады · Todayinfo