Бұған дейін алаяқтыққа қатысты даумен қоғам назарын аударған Жанабіловтер отбасының аты тағы бір даулы оқиғаға байланысты қайта атала бастады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Threads әлеуметтік желісінде Эльмира Төлегеноваға тиесілі делінген ескі хат алмасудың скриншоттары қайта тарап, қызу талқыланып жатыр.

«Қазақтың сын ішіп, бетоне түіріп отырғаны қалай екен? Бұған не дейсіздер, ағайын?!», деп жазды жазба авторы.

Желі қолданушыларының айтуынша, жазбаларда қазақ халқына қатысты қорлайтын сөздер айтылған.

Тараған скриншоттардың бірінде: «Оңбаған қазақтармен жұмыс жасағым келмейді» деген жазба бар.

Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сәйкес, бұл хат алмасу бұған дейін де жарияланған. Алайда оның қайта таралуы қоғамда жаңа пікірталас тудырып, көпшілік бұл мәселеге құқықтық әрі қоғамдық тұрғыдан баға берілуі қажет екенін айтуда.

Әзірге Эльмира Төлегенова аталған жазбалардың түпнұсқалығына қатысты ресми пікір білдірген жоқ.