Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

Сириядан қашқан 24 жастағы жігіт Түркияда қазақстандық әйелді зорлап, тонаған

Кейін екеуі бірге Сахире Тюзюн көшесіндегі қонақүйге барған.

Авторы Айдар Керім··1 мин оқу
Сириядан қашқан 24 жастағы жігіт Түркияда қазақстандық әйелді зорлап, тонаған
📷 Фото: dha.com.tr

Түркияның Алания қаласында 35 жастағы қазақстандық әйелдің арызынан кейін жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасап, тонады деген күдікпен Сирияның 24 жастағы азаматы қамауға алынды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Түркиялық агенттіктің мәліметінше, әйел түнде көшеде жас жігітпен танысқан. Кейін екеуі бірге Сахире Тюзюн көшесіндегі қонақүйге барған.

Біраз уақыттан кейін ер адам қонақүйден шығып кеткен. Осыдан соң қазақстандық әйел 112 қызметіне хабарласып, оның өзіне жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасап, ұялы телефонын алып кеткенін мәлімдеген.

Күдікті жағалау жолында ұсталды. Полиция бөлімінде оған аудармашының қатысуымен жауап алынып, кейін сотқа жеткізілді. Сот күдіктіні қамауға алып, тергеу изоляторына жіберді.

Ұқсас материалдар