Sony компаниясы PlayStation 4 ойын консолінің иелеріне Grand Theft Auto VI (GTA 6) ойынының шығуына байланысты PlayStation 5 консолін сатып алуға үгіттейтін электронды хаттар жіберуде, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Бұл маркетингтік қадам ойын әлемінде қызу талқыға түсті.
Хаттарда Sony жаңа GTA 6 ойынының PlayStation 5-те ғана қолжетімді болатынын және оны ойнау үшін жаңа буын консолін сатып алу қажеттігін атап өткен. Бұл PS4 иелерін жаңа консольге көшуге ынталандыруға бағытталған.
Ойын жанкүйерлері бұл хаттарды Sony-дің жаңа ойын шығарылымына дейін PS5 сатылымын арттыруға бағытталған алғашқы қадамы деп бағалауда. Кейбіреулер мұны болашақ маркетингтік науқандардың бастамасы деп санайды.
Grand Theft Auto VI ойыны 2025 жылы PlayStation 5 және Xbox Series X/S платформаларында шығады деп күтілуде. Ойынның алғашқы трейлері үлкен қызығушылық тудырып, миллиондаған қаралым жинаған болатын.




