Todayinfo.kz
Қарағанды облысы

Халық Жаңа Конститцияны заңдар жиынтығы емес, мықты қалқан ретінде қабылдады — Әлібек Әлденей

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей қазақстандықтарды Жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. «Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Жаңа Конституцияның қабылдануымен шын жүректен құттықтаймын! Отандастарымыздың

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Халық Жаңа Конститцияны заңдар жиынтығы емес, мықты қалқан ретінде қабылдады — Әлібек Әлденей

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей қазақстандықтарды Жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

«Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Жаңа Конституцияның қабылдануымен шын жүректен құттықтаймын!

Отандастарымыздың 87,15 пайызы Ата заңымыздың жаңа жобасын қолдады. Бұл — халықтың әр бапты мұқият талқылап, маңызды құжатты жай ғана заңдар жиынтығы ретінде емес, өз құқықтарын қорғайтын мықты қалқан деп қабылдағанын көрсетеді.

Жаңа Конституцияны қолдаған әрбір азамат күрделі кезеңде елдің сын-қатерлерге төтеп беріп, дамуда алға шығуын көздейтін стратегиялық мақсаттарды терең түсінгенін байқатты.

Ұлттық бірлік – кез келген реформаның негізгі қозғаушы күші. Референдум барысында азаматтық ұстанымын білдірген халықтың ниетіне қарап, ел болашағына бейжай қарамайтын ұлтжанды азаматтардың басым екеніне көз жеткіздік.

Конституция қоғам дамуының басты бағытын айқындайды. Ал оның нормаларының тиімді жүзеге асуы азаматтардың белсенділігіне, мемлекеттік институттардың жұмысына және қоғамның құқықтық мәдениетіне тікелей байланысты.

Ендеше әділ, қауіпсіз әрі бақуатты қоғам құру жолында Ата заң қағидаттарын бірге жүзеге асырайық!» — деді Әлібек Әлденей.

Ұқсас материалдар