Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Халықтың көкейіндегі мәселелер ортаға салынды»: Көкшетау университетінің ректоры

Қызылордада өткен Ұлттық Құрылтай – Қазақстан тарихында астананың Қызылордаға көшірілуіне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған маңызды оқиға болды. Көкшетау қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы университеттің ректоры Марат Сырлыбаевтың айтуынша, бұл шара кездейсоқтық емес және халық

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Халықтың көкейіндегі мәселелер ортаға салынды»: Көкшетау университетінің ректоры

Қызылордада өткен Ұлттық Құрылтай – Қазақстан тарихында астананың Қызылордаға көшірілуіне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған маңызды оқиға болды. Көкшетау қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы университеттің ректоры Марат Сырлыбаевтың айтуынша, бұл шара кездейсоқтық емес және халықты ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды алаңға айналды.

«Биылғы Құрылтай – тарихи дәстүрімізді жаңғыртудың көрінісі. Бабаларымыз маңызды мәселелерді осындай алқалы жиындарда талқылаған. Халық әрдайым бір тоқтамға келіп, маңызды шешімдер қабылдаған», – деді ректор.

Жиында мемлекеттік деңгейдегі бірқатар шешімдер талқыланды. Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін беру, Түркістан қаласының мәртебесі, ғылым мен білім саласындағы заңнамаға түзетулер енгізу, атом электр станциясын салу, мәдениет, руханият, жастар саясаты, шекара мәселелері, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік рәміздерді қолдану сияқты маңызды тақырыптар қаралды.

Сонымен қатар, Құрылтайда вице-президент институтын құру, Парламенттің Құрылтайға айналуы, Халық Кеңесінің құрылуы, Арал мәселесі, шикізат қорларын тиімді пайдалану, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалардағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар түйінделді.

«Ұлттық Құрылтай – елдікті нығайтып, бірлікті бекемдеудің мемлекеттік деңгейдегі кеңесі. Халықтың көкейінде жүрген мәселелерді тыңдау арқылы маңызды шешімдер қабылданды, ел дамуының келер кезеңдегі басым бағыттары айқындалды», – деді Марат Сырлыбаев.

Ұқсас материалдар

«Халықтың көкейіндегі мәселелер ортаға салынды»: Көкшетау университетінің ректоры · Todayinfo