Қазақстан мен Қырғызстанның ішкі істер министрліктері тығыз өзара іс-қимыл нәтижесінде апиын тобындағы есірткіні жеткізудің сыртқы трансұлттық арнасын тоқтатты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Бірлескен арнайы операция аясында Шымкент қаласында Қазақстанның екі азаматы ұсталды. Олардан Ауғанстаннан шыққан бес келіге жуық апиын тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта олардың әрекеттерін есірткіні заңсыз тасымалдау және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу сияқты қылмыстар жиынтығы бойынша қосымша саралау мәселесі қарастырылуда, — деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов.
Қазақстан ІІМ халықаралық ынтымақтастықты нығайту аясында Қазақстан аумағына есірткі жеткізудің сыртқы арналарын жою және олардың еліміз арқылы транзитін тоқтату бойынша мақсатты арнайы операцияларды жалғастыруда.




