Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Іле-Алатауы ұлттық паркі: табиғатты қорғау мен туризмді дамытудың үздік үлгісі

507 мың турист, 140 мың көшет және Сиверс алмасын қорғау жобасы Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. 1996 жылы құрылған парк Алматының оңтүстігінде орналасқан, жалпы ауданы 200 160 гектар . Оның құрамына Ақсай, Медеу, Талғар және

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··3 мин оқу
Іле-Алатауы ұлттық паркі: табиғатты қорғау мен туризмді дамытудың үздік үлгісі

507 мың турист, 140 мың көшет және Сиверс алмасын қорғау жобасы

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. 1996 жылы құрылған парк Алматының оңтүстігінде орналасқан, жалпы ауданы 200 160 гектар. Оның құрамына Ақсай, Медеу, Талғар және Тұрген филиалдары, сондай-ақ Алматы мемлекеттік табиғи қаумалы кіреді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі тілшісі хабарлайды.

Парктің басты мақсаты — табиғатты сақтау, экологиялық ағарту және тұрақты туризмді дамыту. Мұнда 2000-ға жуық өсімдік түрі, 47 сүтқоректі, 198 құс, 5000-нан астам омыртқасыз жануарлар тіркелген. Олардың ішінде қар барысы, тянь-шань қоңыр аюы және Түркістан сілеусіні сияқты Қызыл кітапқа енген сирек түрлер бар.

 
View this post on Instagram
 

A post shared by Todayinfo.kz (@todayinfo.kz)

      Тоқаев тапсырмасы аясында орман қалпына келтірілуде

2025 жылы парк аумағында орманды қалпына келтіру жұмыстары жанданған. Нақты нәтижелер:

  • 140 100 дана ағаш көшеті отырғызылды (42 га).

  • Орман тұқымы 0,62 га жерде себілді, орманды күтім 256 га жерде жүргізілді.

  • 600 кг тұқым жинау жоспары: шырша – 100 кг, өрік – 380 кг, алма – 120 кг.

  • Зиянкестермен күрес: 5870 га зерттеліп, 2629,5 га аумақта химиялық өңдеу жүргізілді.

                            Өрт қауіпсіздігі мен түсіндіру жұмыстары

2025 жылы:

  • 25 км өртке қарсы жол жөнделді.

  • 4766 түсіндіру кездесуі өтті, 15 000 парақша таратылды.

  • 7 өрт оқиғасы тіркеліп, 0,009 га ғана аумақ зақымдалды.

  • Өрт ережесін бұзған 35 тұлға жауапқа тартылды.

                            Туристер саны артты – 7 айда 507 мың адам

2025 жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында Іле-Алатауына 507 571 турист келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4%-ға көп. Туризмді қолдауға бағытталған инфрақұрылым:

  • 10 бақылау бекеті жұмыс істейді (оның ішінде Бутаковка – автоматтандырылған).

  • 46 туристік маршруттың 80-85%-ы абаттандырылған.

  • Алматы әкімдігімен бірге қосымша 100 км соқпақ, 3 кемпинг, 3 бұлақ көзі қалпына келтірілуде.

  • Bi Group жеке инвестиция есебінен 15 км жолды абаттандыруда.

 
View this post on Instagram
 

A post shared by Todayinfo.kz (@todayinfo.kz)

                        Сиверс алмасы – ұлттық брендке айналуда

Түрген филиалы аумағында 2025–2026 жылдары жабайы Сиверс алмасына арналған жаңа ғылыми-танымдық маршрут ашылады. «Helios» компаниясымен бірлескен жобада:

  • Сиверс алмасын зерттейтін музей, Visit-орталық, бақылау алаңы салынады.

  • Экотуризм элементтері мен бренд өнімдерінен паркке 6 млн теңге табыс түскен.

                           Қоқыс мәселесі – нақты шешіммен

2025 жылы парк аумағынан 470 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды (2024 ж. – 268 тонна). Қоқыс жинау үшін:

  • 32 жабық алаң,

  • 365 контейнер (оның ішінде 295 – құрғақ, 70 – дымқыл),

  • 3 арнайы техника сатып алынды (2 Iveco, 1 JAC).

                           Цифрлық инфрақұрылым дамуда

  • Аюсайда 6 км талшықты-оптикалық байланыс тартылды.

  • Есік шатқалында биыл мобильді интернет іске қосылады.

  • 2026 жылы Асы-Батан шатқалында байланыс жүйесі орнатылады.

                        Жануарларды қорғау – басты бағыт

2025 жылдың 6 айында 285 құқықбұзушылық тіркеліп, 284 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жануарлар саны артып келеді:

Түр 2023 2024
Қар барысы 31 31
Тянь-Шань қоңыр аюы 68 70
Марал 530 546
Сібір тау текесі 598 613
Түркістан сілеусіні 129 132

Жыл сайын 54 бақылау алаңында зерттеу жүргізіледі. 2025 жылы:

  • 4 ғылыми және 6 ғылыми-танымдық мақала жарық көрді.

  • Сирек өсімдіктерді in vitro әдісімен көбейтетін зертхана іске қосылды.

  • Парктың 30 жылдығына орай халықаралық конференция өткізу жоспарлануда.

Іле-Алатауы ұлттық паркі – табиғатты қорғау мен экотуризмді дамытудың үлгі тұтар мекені. Жасыл әлемді сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

Ұқсас материалдар

Іле-Алатауы ұлттық паркі: табиғатты қорғау мен туризмді дамытудың үздік үлгісі · Todayinfo