Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Илон Маск ChatGPT-ді сатып алуға ниетті

Фото: Allison Robbert-Pool/Getty Images Илон Маск бастаған инвесторлар тобы OpenAI-ды бақылаушы коммерциялық емес ұйымның барлық активтерін сатып алу үшін $97,4 млрд көлемінде ұсыныс жасады. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады, деп хабарлайды Тodayinfo  ақп

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Илон Маск ChatGPT-ді сатып алуға ниетті
Фото: Allison Robbert-Pool/Getty Images Илон Маск бастаған инвесторлар тобы OpenAI-ды бақылаушы коммерциялық емес ұйымның барлық активтерін сатып алу үшін $97,4 млрд көлемінде ұсыныс жасады. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Масктың заңгері Марк Тоберофф OpenAI-ды бақылайтын коммерциялық емес ұйымның директорлар кеңесіне 10 ақпан күні барлық активтерді сатып алу жөнінде ресми өтінім бергенін растады.
«Илон Маск басқаратын инвесторлар консорциумы OpenAI-ды бақылаушы ұйымның активтерін сатып алуға $97,4 млрд ұсынды», — делінген Масктың заңгерлерінің мәлімдемесінде.
Бұл ұсыныс Илон Масктың АҚШ Үкіметінің тиімділігін арттыру департаментін басқаруымен тікелей байланысты болуы мүмкін. Бұған дейін аталған департамент американдық мемлекеттік қызметтер үшін жасанды интеллект чат-ботын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатқаны туралы хабарланған болатын. OpenAI — ChatGPT және басқа да жасанды интеллект өнімдерін жасаған әлемдегі ең танымал ұйымдардың бірі. Масктың бұл ұсынысы жасанды интеллект саласында жаңа мүмкіндіктер мен серпін әкелуі мүмкін.

Ұқсас материалдар

Илон Маск ChatGPT-ді сатып алуға ниетті · Todayinfo