Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Иранда 6 қазақ ауылы бар, онда 8 мың адам тұрады-шығыстанушы

Шығыстанушы Ислам Жеменей Qalam.global жобасына берген сұхбатында Иранда тұрып жатқан қазақтар жайлы айтты ,деп хабарлайды  Todayinfo. «Иранда 6 қазақ ауылы бар, 3 қалада қазақтар тұрады. Бұрын 6 ауыл еді. 1995 жылы үш ауыл босап, туу өсімінің арқасында қайта қалпына келді.

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Иранда 6 қазақ ауылы бар, онда 8 мың адам тұрады-шығыстанушы

Шығыстанушы Ислам Жеменей Qalam.global жобасына берген сұхбатында Иранда тұрып жатқан қазақтар жайлы айтты,деп хабарлайды Todayinfo.

«Иранда 6 қазақ ауылы бар, 3 қалада қазақтар тұрады. Бұрын 6 ауыл еді. 1995 жылы үш ауыл босап, туу өсімінің арқасында қайта қалпына келді. Адам саны 5-8 мыңға дейін жетеді»,- дейді шығыстанушы.

Оның айтуынша, білім алған қазақтар Тегеранда, оңтүстік қалаларда мамандығы бойынша еңбек етеді.

«1988-90 жылдарға дейін бізде ақсақалдық институт болды. Соңғы ақсақал дүние салған соң, институт жабылды. Адамдар өздері ақсақалды таңдап алатын еді. Бұл қоғамдық белсенділікке де байланысты болды»,- дейді Ислам Жеменей.

Ислам Жеменей – Иранда туып-өскен қазақ шығыстанушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол 1952 жылы 1 қыркүйекте Иран Республикасының Горган қаласында дүниеге келіп, кейін Қазақстанға келіп қызмет еткен.

Ұқсас материалдар

Иранда 6 қазақ ауылы бар, онда 8 мың адам тұрады-шығыстанушы · Todayinfo