АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операцияларды қайта жалғастыру-жалғастырмау жөнінде түпкілікті шешімді 24 мамырға дейін қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Трамп Axios басылымына берген сұхбатында бұл шешімді 24 мамырға дейін қабылдайтынын айтты. Ол сондай-ақ бүгін кешке Иранның соңғы ұсынысын өзінің келіссөз жүргізушілері Уиткофф пен Кушнермен, сондай-ақ вице-президент Вэнспен талқылайтынын жеткізді.
Дональд Трамп Иранмен «жақсы келісімге» келу мүмкіндігін «шамамен 50/50» деп бағалады. Оның сөзінше, егер келісім болмаса, АҚШ «оларды тас-талқан етуге» дайын.
Трамп Вашингтон тек негізгі мәселелерді қамтитын келісімге ғана келісетінін атап өтті. Оның ішінде уран байыту мәселесі және Иран жинап қойған уран қорының тағдыры бар.
Сонымен бірге дереккөздердің айтуынша, мұндай күрделі мәселелер қазір талқыланып жатқан ниет хатында толық келісілмеуі мүмкін. Алдын ала жоспар бойынша, алдымен соғыс тоқтатылып, кейін АҚШ пен Иран арасында тағы 30 күн бойы егжей-тегжейлі келіссөздер жүргізіледі.




