Иранның 85 жастағы рухани көсемі елдің жаңа президентін мақұлдады
Жоғары лауазымды әскери офицерлердің, саясаткерлердің және шетелдік дипломаттардың қатысуымен Иранның рухани көсемі, 85 жастағы Аятолла Әли Хаменеи сайлауда жеңіске жектен Масуд Пезешкянды елдің жаңа президенті ретінде ресми түрде мақұлдады. Мұндай іс-шара жаңа президент өкілетті

Жоғары лауазымды әскери офицерлердің, саясаткерлердің және шетелдік дипломаттардың қатысуымен Иранның рухани көсемі, 85 жастағы Аятолла Әли Хаменеи сайлауда жеңіске жектен Масуд Пезешкянды елдің жаңа президенті ретінде ресми түрде мақұлдады. Мұндай іс-шара жаңа президент өкілеттігінің ресми түрде басталғанын білдіреді. Бұл туралы ол өзінің X парақшасында хабарлады.
Әли Хаменеи Пезешкия үкіметінің сыртқы саясатында «Осы жылдар бойы БҰҰ-ның ішінде де, сыртында да қысымға ұшыраған кезде Иранды қолдаған мемлекеттерге» басымдық беру керектігіне назар аударды. Мұндай елдердің ішінде ол Иранның көршілерін, сондай-ақ Африка мен Азиядағы мемлекеттерді атады.
Өз кезегінде Масуд Пезешкян Иранда реформалар қажет екенін атап өтті, бірақ ол «жоғарғы көшбасшының жалпы саясатын жүзеге асыруға» ұмтылатынын айтты. Сол күні Пезешкян өз жарлығымен Мохаммад Реза Арефті бірінші вице-президент етіп тағайындады.
6 шілдеде Ирандағы президенттік сайлаудың екінші турында Масуд Пезешкян жеңіске жеткен.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·