Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Іс сотқа түсті: Қуандық Бишімбаев 20 жылға дейін сотталуы мүмкін

Бұған Сот кабинетінің деректері дәлел. Порталдың хабарлауынша, іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болады. Сот кеңсесінде ол туралы қосымша материалдар жоқ - «іс жариялауға жабық» делінген. 2023 жылдың 9 қарашасында Астанад

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Іс сотқа түсті: Қуандық Бишімбаев 20 жылға дейін сотталуы мүмкін
Бұған Сот кабинетінің деректері дәлел. Порталдың хабарлауынша, іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болады. Сот кеңсесінде ол туралы қосымша материалдар жоқ - «іс жариялауға жабық» делінген. 2023 жылдың 9 қарашасында Астанадағы мейрамханалардың бірінде қатты соққының салдарынан әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды. Іс бойынша күдікті – бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев. Оған екі бап бойынша айып тағылды: 110-баптың 2-бөлігі – «Азаптау»; 99-баптың 2-бөлігі – «Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру». Экс-министрдің туысы Гастроцентр директорына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы – «Жасыру» және ҚР ҚК 434-бабы бойынша тергеу аяқталды – «Қылмыс туралы хабарламау».  

Ұқсас материалдар