Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Ішінде 4 айлық сәбиі болған: балдызымен көңілдес болған еркек суицидке себепші болды

Журналист Гүлмира Әбіқай сұмдық оқиға жайлы айтты, деп хабарлайды  Todayinfo ақпарат агенттігі. «Ақмаралдың жасы 17-де. Шалғай ауылдан Алматыға ЖенПИ-ге оқуға түсті. Шағын ауыл, әулет қуанды. Туған әпкесінің күйеуі Алматыға барып-келіп, құрылыста жұмыс істейтін. Ақмаралды со

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Ішінде 4 айлық сәбиі болған: балдызымен көңілдес болған еркек суицидке себепші болды

Журналист Гүлмира Әбіқай сұмдық оқиға жайлы айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

«Ақмаралдың жасы 17-де. Шалғай ауылдан Алматыға ЖенПИ-ге оқуға түсті. Шағын ауыл, әулет қуанды. Туған әпкесінің күйеуі Алматыға барып-келіп, құрылыста жұмыс істейтін. Ақмаралды сол жездесіне табыстады, барып қарап тұр, қиналса қаржымен  демейтін болды»,- дейді ол.

Журналист жазғанлай, 1-курс бітер кезде әпкесіне деканаттан хабарласқан.

«Сіңілісі  сабақтан жиі қалды, соңғы 2 апта мүлдем дәріске келмеген. Жаман сөз жата ма, жезде мен балдыз әуейі деген сөз жерде қалмай, ауылдағы әпкесіне жетті. Ауылдағы 5 баласын тастап, әпкесі Алматыға аттанды. Оның келетінін естіп қорыққанынан Ақмарал уксус ішіп, ауруханаға түседі. Сөйтсе, өз жездесінен  4 айлық жүкті екен. Әпкесі жеткенше сіңілісі де, іштегі бала да үзіліп кетті. Осылайша, жезденің кесірінен 17 жасар қыз өмірмен қоштасты, 5 бала әкесіз қалды. Бір әулеттен 2 әйелдің өмірін құртқан Шарафаддин болса Алматыда сайрандап жүр»,- деп жазды ол.

Ұқсас материалдар

Ішінде 4 айлық сәбиі болған: балдызымен көңілдес болған еркек суицидке себепші болды · Todayinfo