Израиль Газа секторындағы «бітім» келісімін 2400 реттен астам бұзған. Бұл туралы Al Jazeera телеарнасы хабарлады.
Келісімге қол қойылғаннан бері алты айдан астам уақыт өтсе де, Израиль тарапы оны жүйелі түрде бұзып келеді. Al Jazeera тілшісі Хала әл-Шамидің айтуынша, аймақтағы ахуал күн санап нашарлап барады.
«Бітім келісіміне қарамастан, Израиль әскері тұрғын үйлерге шабуыл жасап, адамдардың үйлеріне оралуына кедергі келтіріп жатыр. Бұл жағдай гуманитарлық дағдарысты одан әрі күшейтуде», — деді Хала әл-Шами.
Сарапшылардың пікірінше, бітім келісімінің бұзылуы Газадағы тұрғындардың өмірін қиындатып, аймақтағы тұрақсыздықты арттыруда. Халықаралық қауымдастық Израильді келісім шарттарын сақтауға шақыруда.




