Израиль қоныстанушылары Батыс Жағалаудағы Джалуд ауылында палестиналықтардың үйіне өрт қойды. Бұл туралы Al Jazeera телеарнасы хабарлады.
Оқиға кезінде үй ішінде адамдар болған. Қоныстанушылар палестиналықтарға шабуыл жасап, үйді өртеп жіберген.
Бұл шабуыл оккупацияланған аумақтардағы зорлық-зомбылықтың күшеюі аясында болып отыр. Израиль әскерлері де палестиналықтарды жаппай тұтқындауда.




