2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарында 8 ақпан күні жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылардың кестесі жарияланды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Алдымен Астана уақытымен 16:30-да скиатлон бәсекесі басталады. Бұл сында еліміздің намысын Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков қорғайды.
Кешкі сағат 18:00-де биатлоннан 4х6 шақырымдық эстафетаның финалы өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан атынан Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Айша Рақышева және Милана Генева қатысады.
Спорттық бәсекелерді "Qazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Фото: Әлеуметтік желіден




