Израиль Иранның Каспий теңізінде орналасқан әскери-теңіз флотына соққы жасап, бес бірдей зымыран таситын кемені зақымдады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Axios порталы өз дереккөздеріне сілтеме жасап мәлімдеді. Басылымның ақпаратынша, бұл оқиға екі ел арасындағы жасырын әскери текетірестің жаңа, күтпеген аумаққа ойысқанын білдіреді. Себебі осыған дейін тараптардың қақтығысы негізінен Таяу Шығыс, әсіресе Сирия аумағында тіркеліп келген еді.
Шабуылдың Каспий акваториясында жасалуы – Израильдің Иран нысандарына осындай қашықтықтан соққы беруге қауқарлы екенін көрсететін маңызды оқиға. Ақпарат көздері зымырандардың кемелерге жоғары дәлдікпен тигенін атап өткен.
Әзірге Израиль мен Иранның ресми билігі бұл ақпаратқа қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен оның аймақтағы геосаяси жағдайға қалай әсер ететіні әлі талқылануда.
Фото: Әлеуметтік желіден




