Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты

Таяу Шығыстағы ахуал күн санап шиеленісіп келеді. Кеше түнде Израиль тұрғын үйлер орналасқан аумақтарға әуе шабуылы жасады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Нәтижесінде 8 жастағы ирандық гимнаст қыз Тара Хаджими қаза тапты. Қайғылы жағдай әлем жұртшылығын алаңдатты.

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты

Таяу Шығыстағы ахуал күн санап шиеленісіп келеді. Кеше түнде Израиль тұрғын үйлер орналасқан аумақтарға әуе шабуылы жасады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Нәтижесінде 8 жастағы ирандық гимнаст қыз Тара Хаджими қаза тапты. Қайғылы жағдай әлем жұртшылығын алаңдатты.

Түн бойы екі тарап бір-біріне зымыран соққыларын жасап, жағдайды одан әрі ушықтырды. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранның рухани көсемі — аятолла Әли Хаменейге қарсы нақты жоспардың бар екенін жоққа шығармады.

Ал Иранның БҰҰ-дағы өкілі бұл соққыларды өзін-өзі қорғау әрекеті деп сипаттап отыр. Сонымен қатар, Тегеран Парсы шығанағындағы елдердің басшыларынан атысты тоқтату жөнінде келіссөздер жүргізу үшін АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа жүгінуді сұраған.

Өз кезегінде Трамп:

«Барлығы Тегераннан дереу эвакуациялануы тиіс», — деп мәлімдеді.

Осы жағдайға байланысты АҚШ президенті Канадада өтіп жатқан G7 саммитінен мерзімінен бұрын шығып, шұғыл түрде Ақ үйге оралды.

Қақтығыстың салдары мен халықаралық реакциялар алдағы күндері нақты бағыт алуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, бұл тек Иран мен Израиль арасындағы текетірес емес, тұтас аймақтың қауіпсіздігіне төнген қатер.

Ұқсас материалдар

Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты · Todayinfo