Todayinfo.kz
СаясатБарлық жазбаларды қарау

"Ливанға қарсы соғыс ашамыз": Израильдің СІМ 12 азаматы көз жұмған соң мәлімдеме жасады

Бұл жайлы шенеунік журналистерге Друздың Мадждал-Шамс ауылына оқ атылғаннан кейін айтты. Бұл атыс үшін Израиль тарапы жауапкершілікті "Хезболлаға" артады. – Мадждал-Шамсты атқылап, бейбіт тұрғындар мен балаларға зиян келтіру барлық қызыл сызықты кесіп өтті деген сөз. Реакция тура

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
"Ливанға қарсы соғыс ашамыз": Израильдің СІМ 12 азаматы көз жұмған соң мәлімдеме жасады
Бұл жайлы шенеунік журналистерге Друздың Мадждал-Шамс ауылына оқ атылғаннан кейін айтты. Бұл атыс үшін Израиль тарапы жауапкершілікті "Хезболлаға" артады.
– Мадждал-Шамсты атқылап, бейбіт тұрғындар мен балаларға зиян келтіру барлық қызыл сызықты кесіп өтті деген сөз. Реакция тура солай болады. Біз Хезболла мен Ливанмен толыққанды соғыс сәтіне жақындап келеміз. Біз майданда және тылда бәріне жауап береміз, бірақ соғыс аяқталғаннан кейін Насрулла (Хезболла жетекшісі) мен Хезболла жеңіліп, Ливанға үлкен зиян келтіріледі. Біз солтүстіктегі елдімекендерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтіреміз, - деді Катц.
Израиль министрі өз елінің АҚШ пен Еуропа елдерінің толық қолдауына ие болатынына сенімді. Израиль армиясының мәліметі бойынша, Хезболла Иранның Falaq-1 зымыранымен шабуыл жасаған. Зымырандар футбол алаңына түскен. Хезболла мұны жоққа шығарады. Түскен жарықшақтар Израиль армиясының әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің ісі деп мәлімдейді. Израильдегі Голан биігінде соққы 27 шілдеде жасалды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, шабуыл кезінде 12 адам көз жұмып, 30-дан астам адам жарақат алған. Елдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Хезболла шабуыл үшін "ол әлі төлеп көрмеген" бағаны төлейтінін мәлімдеп, жауап беруге уәде берді. Болған жағдайға байланысты саясаткер АҚШ-қа сапарын тоқтатты. Биыл наурызда Қазақстанның Қарулы күштердің бітімгерлік контингенті БҰҰ миссиясына – Голан биігіне аттанған еді. Қазақстанның бітімгерлік күштері Голан биігін күзетеді. Айта кетейік, Голан биігі – стратегиялық және саяси маңызы бар Таяу Шығыстағы даулы аймақ. Оның көп бөлігін Израиль басып алған, ал шығыс бөлігі – Сирияға тиесілі. Қос мемлекет те жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы аймақ үшін қақтығысып келеді.  

Ұқсас материалдар

"Ливанға қарсы соғыс ашамыз": Израильдің СІМ 12 азаматы көз жұмған соң мәлімдеме жасады · Todayinfo