Кәрім Мәсімовтің зәулім үй аукционға қойылды
Фото: Әшкер telegeam арнасы Елордадағы Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан еңселі коттедж 25 ақпан күні аукционға шығарылады. Бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге, кепілдік жарна көлемі – 117,9 млн теңге, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Бұл үйдің тарихы ер

Фото: Әшкер telegeam арнасы
Елордадағы Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан еңселі коттедж 25 ақпан күні аукционға шығарылады. Бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге, кепілдік жарна көлемі – 117,9 млн теңге, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Бұл үйдің тарихы ерекше. 2022 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамауға алынуы кезінде дәл осы коттедждің суреттері жарияланған еді. Тергеу барысында оның заңсыз иемденген бірнеше нысаны анықталған, солардың бірі – осы еңселі үй.
Мәсімовтің қылмыстық ісі
Әшкере telegeam арнасы хабарлағандай, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде тұтқындалған Кәрім Мәсімовке "мемлекетке опасыздық жасау", "билікті күшпен басып алуға әрекеттену" сияқты ауыр айыптар тағылды. 2023 жылдың сәуірінде ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Апелляциялық шағым түсірілгенімен, сот шешімі өзгеріссіз қалды. 2023 жылдың жазында рақымшылыққа іліну үміті де ақталмады.
Аукционға қойылған үй
Мәсімов өмір сүрген элиталық коттедж «Активтерді қайтару» мекемесінің басқаруына өтті. Қазіргі таңда мемлекетке қайтарылған бұл нысан жаңа иесін күтуде. Сауда-саттық жеңімпазы елордадағы еңселі үйдің жаңа қожайыны атанбақ.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·