Канадада 550 жолаушысы бар ұшақты найзағай соқты (ВИДЕО)
Желіде әуеге көтерілген кезде ұшақты найзағай соққаны туралы видео пайда болды. Оқиға 3 наурызда Канадада болған. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады. Ақпараттық агенттік Air Canada ұшағының Ванкуверден Лондонға қарай бағыт алғанын жазды. Ұшаққа найзағай түскен сәттің виде

Желіде әуеге көтерілген кезде ұшақты найзағай соққаны туралы видео пайда болды. Оқиға 3 наурызда Канадада болған. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады.
Ақпараттық агенттік Air Canada ұшағының Ванкуверден Лондонға қарай бағыт алғанын жазды. Ұшаққа найзағай түскен сәттің видеосын оқиға куәгерлері түсіріп алған.
Бұл ретте Air Canada Boeing 777-300 ұшағының рейсті қайта жалғастырғаны немесе ұшып шығу әуежайына оралғаны нақтыланбаған. Ал Mash Telegram-арнасы төтенше жағдай кезінде ұшақта 550 жолаушы болғанын жазды. Электр ұшқынының разрядына ұшырағаннан кейін ол әуедегі қозғалысын жалғастырған.
Жергілікті ұшқыштың айтуынша, әуе лайнерінде орнатылған найзағай сөндіретін арнайы жүйенің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·