FIRST MEDIA GROUP Freedom Holding компаниясымен серіктестікте 2026 ж. 14 тамызда Алматының Орталық стадионында өтетін YE TOUR 2026 аясында YE (Kanye West) концертін ұсынады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
YE-нің Алматыда өнер көрсетуі өңірдегі ең маңызды халықаралық музыкалық оқиғаға айналып, Орталық Азиядағы концерт индустриясының тарихында бұрын-соңды болмаған жаңа кезеңді ашады.
YE-нің әрбір туры музыка, визуалды өнер, кеңістік архитектурасы және заманауи технологияларды біріктіретін ауқымды шығармашылық жоба болып табылады. Оның концерттері әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жанкүйердің назарын үнемі аударып, дәстүрлі концерт форматынан тысқары шығатын оқиғаға айналады.
Алматыда көрермендерді 2026 ж. әлемдік тур аясында әзірленген толыққанды стадиондық шоу күтеді. Бағдарламаға соңғы жылдардағы композициялармен қатар бірнеше буын тыңдармандары үшін айрықша маңызға ие болған туындылар да енеді.
“Біз Қазақстанда ауқымды әлемдік іс-шара ұйымдастырудан үлкен тәжірибе жинадық. Сол себепті Kanye West концерті ең жоғарғы деңгейде өтетініне еш күмән жоқ. Біздің SuperApp және Ticketon-дағы Freedom-ның технологиялық мүмкіндіктері, дәлірек айтқанда қолданушыны тексеру, билетті қайта сайту сервисі процесті барынша ыңғайлы әрі ашық етуге көмектеседі”- деді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.
Концерттің жүзеге асырылуы First Media Group компаниясының Қазақстанға ең ірі халықаралық музыкалық жобаларды тарту бағытындағы жұмысының нәтижесі болды.
Осындай ауқымдағы шоудың өтуі әлемдік концерт индустриясының Орталық Азияға деген қызығушылығының артып келе жатқанын дәлелдеп, Алматының өңірдегі ең перспективалы мәдени орталықтардың бірі ретіндегі позициясын нығайтады.
Бұл оқиға әлемнің ондаған елінен келетін қонақтарды тартып, оқиғалық туризмнің маңызды драйверіне айналады деп күтілуде.
Соңғы жылдары First Media Group Jennifer Lopez, Backstreet Boys, 50 Cent, Ne-Yo сияқты әлемдік жұлдыздардың бірқатар ірі концерттерін жүзеге асырып, өңірдегі ауқымды музыкалық іс-шаралар нарығын жүйелі түрде дамытып келеді. YE концерті Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық музыкалық шоуға және бүгінгі күнге дейінгі First Media Group компаниясының ең ауқымды жобасына айналады.
«Біз Қазақстан аудиториясы әлемдегі ең ірі оқиғаларға қол жеткізуі тиіс, ал Орталық Азия жаһандық концерт картасында лайықты орын ала алады деп сенеміз. Сондықтан біз өңірге халықаралық ауқымдағы жобаларды тарту бағытында жүйелі түрде жұмыс істеп келеміз», - деп атап өтті First Media Group өкілдері.
YE концертіне арналған шектеулі көлемдегі билеттердің эксклюзивті алдын ала сатылымы Freedom SuperApp пайдаланушылары үшін 2026 жылғы 20 және 21 шілде күндері қолжетімді болады.
Алдын ала сатылым аяқталғаннан кейін, 22 шілдеден бастап билеттерді Freedom SuperApp қосымшасы мен Ticketon.kz сайты арқылы сатып алуға болады.
Freedom Holding Corp. — брокерлік қызметпен, бағалы қағаздар саудасымен, инвестициялық зерттеулермен және кеңес берумен, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен, телекоммуникациямен, авиабилеттер және мәдени, спорттық іс-шараларға билетті онлайн сатумен және т.б. айналысатын әртараптандырылған компания. Еншілес компанияларды есепке алғанда, Freedom Holding Corp. құрамында 11,8 мыңнан астам қызметкер бар. Әлемнің 22 елінде, атап айтқанда Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және басқа да елдерде холдингтің бөлімшелері мен еншілес компаниялары орналасқан. Freedom Holding Corp. компаниясының жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында (SEC) тіркелген және Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен саудаланады.




