Каспий жағасында аққулар жаппай қырылып жатыр
Маңғыстау облысында Каспий теңізі маңында құстардың жаппай қырылуы тұрғындарды алаңдатып отыр. Әлеуметтік желіде тараған видеода жағалау бойында жатқан аққулар мен басқа да құстардың өлекселері анық көрінеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жергілікті тұрғындардың

Маңғыстау облысында Каспий теңізі маңында құстардың жаппай қырылуы тұрғындарды алаңдатып отыр. Әлеуметтік желіде тараған видеода жағалау бойында жатқан аққулар мен басқа да құстардың өлекселері анық көрінеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өлген құстар бірнеше жерден табылған. Таңертең аққулардың бір бөлігі жиналып, аумақтан шығарылғанымен, басқа құстардың өлекселері әлі жатыр.
Бұл жағдайдың себебі нақты белгісіз, бірақ тұрғындар экологияға зиян келген болуы мүмкін деп күдіктенеді.
Көпшілік мұнай, лас су немесе улы қалдықтар әсер етуі мүмкін деген болжам айтып жатыр. Алайда құзырлы органдар әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Экологтар мұндай жағдай теңіздегі тепе-теңдік бұзылғанын көрсетуі мүмкін екенін айтады. Тұрғындар тексеріс ашық жүргізіліп, нақты себеп жариялануын талап етуде.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Мәдениет үйлері мен заманауи музейлер: Қазақстанда мәдениет саласын дамыту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Олжас Бектенов провел совещание по вопросам завершения весенне-полевых работ и развития АПК
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
05 Маусым 2026, 15:35 Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және АӨК-ті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Жаннұр Еділбаева·