Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты: ШҚО-да қайғылы оқиға

Шығыс Қазақстан облысындағы KAZ Minerals кәсіпорнының Артемьевск шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты. Бұл соңғы айдағы екінші өлім жағдайы.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты: ШҚО-да қайғылы оқиға
📷 Фото Depositphotos.com

Шығыс Қазақстан облысындағы KAZ Minerals компаниясының шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Өкінішке орай, 30 мамыр күні сағат 20:30 шамасында «Востокцветмет» ЖШС-нің Артемьевск шахтасында тау жыныстарының опырылуы салдарынан кәсіпорын жұмысшысы қаза тапты. Бұл – бүкіл ұжым үшін ауыр қаза. Біз әріптесіміздің отбасымен, туыстарымен және жақындарымен бірге қайғырамыз. Компания отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетеді, – делінген компания хабарламасында.

Қайғылы оқиға болған учаскедегі барлық жұмыстар дереу тоқтатылды. Қазіргі уақытта құзыретті мамандар мен уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен оқиғаның мән-жайы мен себептері тергелуде.

Компания үшін оқиғаның толық суретін анықтау және болашақта осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін қандай қосымша шаралар қажет екенін түсіну өте маңызды. KAZ Minerals тобының басқарма төрағасы Андрей Третьяков арнайы құрылған комиссия мүшелерімен үнемі байланыста және оқиға орнына барады, – деп қорытындылады KAZ Minerals өкілдері.
<

Айта кетейік, 9 мамыр күні осы шахтада механик биіктіктен құлап қаза тапқан болатын. Бұған дейін де ШҚО шахталарында жұмысшылардың қаза болуы туралы хабарлар тараған еді.

Ұқсас материалдар