Бурятиядағы «Ирокинда» алтын кенішінде қар көшкіні жүріп, алты адам қаза тапты. Қаза тапқандардың бірі – Қазақстан азаматы, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Оқиға 28 сәуірде Муй ауданындағы кеніш алаңында болған. Ресей ТЖМ мәліметінше, көшкін астында тоғыз жұмысшы қалған. Үшеуі өздігінен құтылып шықса, қалған алтауының мәйіті табылды.
Ресей СК қауіпсіздік ережелерін бұзу және адам өліміне әкеп соқтыру бабымен қылмыстық іс қозғады. Прокуратура да тексеру бастады. Қаза тапқандардың бірі – Қазақстан азаматы, қалғандары – ресейліктер.




