Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

КазТАГ пен Freedom Finance арасындағы дау: журналистік зерттеу ме, әлде ақпараттық шабуыл ма?

9 желтоқсанда Халықаралық ақпарат агенттігі — KazTAG өз басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Freedom Finance компаниясының арызы негізінде агенттіктің бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Амир Касенов күдікті деп танылды. Бұған себеп — Freedom Finance ба

Авторы Айғаным Нариманова··4 мин оқу
КазТАГ пен Freedom Finance арасындағы дау: журналистік зерттеу ме, әлде ақпараттық шабуыл ма?
9 желтоқсанда Халықаралық ақпарат агенттігі — KazTAG өз басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Freedom Finance компаниясының арызы негізінде агенттіктің бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Амир Касенов күдікті деп танылды. Бұған себеп — Freedom Finance басшылығының алаяқтық схемаларына қатысы бар деген мазмұндағы жарияланымдар. Редакция бұл айыптауларды жоққа шығарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Біз бұл даудың қалай басталғанын зерделеп, мәселенің мәні шынымен журналистік зерттеу ме, әлде әдейі жасалған ақпараттық шабуыл ма екенін анықтауға тырыстық. Жарияланымдар қалай басталды? 2025 жылдың сәуір айынан бастап медиа кеңістікте KazTAG-та Тимур Турловқа — Freedom Finance брокерлік компаниясының негізін қалаушыға (Freedom Holding Corp. құрамында – ред.) қатысты айыптаулар жариялана бастады. Алғашқы 12 материал Freedom Finance өз бұрынғы қызметкері Виталий Световойға қарсы қозғаған қылмыстық іс туралы болды. Компания мәліметінше, Световой клиенттерге ақшаны өз жеке шоттарына аударуға көндіріп, кейін оны жеке қарыздарын жабуға жұмсаған. 3 сәуір күні КазТАГ Турловты алаяқ деп атаған тоғыз материал жариялады. Онда Световойдың әрекеттерінен зардап шеккен адамдардың сөздері келтірілген. 4 сәуірде тағы үш материал жарық көрді. Материалдардың бір бөлігі Световойға, енді бір бөлігі Freedom Finance-та жұмыс істеп, кейін жұмыстан кеткен Темирлан Бековке арналды. Ол компаниядан кеткен соң бұрынғы клиент әйелмен жеке қарым-қатынасқа түсіп, оның келісімімен брокерлік шотын басқарған. Инвестиция сәтсіз аяқталып, шығынға ұшыраған әйел кейін компаниядан өтемақы талап еткен. Компания бас тартқан соң, ол КазТАГ-қа жүгінген. Бірнеше күнде жарық көрген 12 материалда КазТАГ Световой мен Бековті «топ-менеджерлер» деп атаған. Алайда Freedom Finance дерегіне сүйенсек, Световой орта ғана бөлім басшысы, ал Беков сату бөлімінде жұмыс істеген және даулы қарым-қатынасқа жұмыстан кеткеннен кейін ғана барған. Мәселе құқықтық алаңға өтті Биылғы жыллың 5-сәуірінде «Freedom Finance» АҚ өзіне қысым көрсетіліп, бопсалау әрекеттері жасалғанын мәлімдеді. Компанияның хабарлауынша, 2024 жылдың соңынан бастап белгісіз тұлғалар тарапынан компаниядан ақша талап етіліп, одан бас тартқан жағдайда жағымсыз ақпараттық науқан жүргіземіз деген қауіптер болған. Сонымен қатар, тексерілмеген ақпараттардың таралуы, тергеу құпиясын жария ету, фактілерді манипуляциялау фактілері орын алған. Freedom Finance ұсынылған «мәселені ақша арқылы реттеу» әрекетін бопсалау деп бағалап, одан бас тартқан. Осыдан кейін КазТАГ екі күнде жоғарыдағы 12 материалды жариялаған. Жалпы, сәуір айынан бері KazTAG Тимур Турлов пен оның компанияларына қатысты ондаған мақала мен видео таратты. Freedom Finance сотқа жүгінді 2025 жылғы 25 қарашада Алматы қаласының полициясы КазТАГ-қа қатысты тергеу жүргізе бастады. Бұл туралы 7 қарашада компания адвокаты Александр Камендровский мәлімдеді. Оның айтуынша, іс компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіру және заңды қызметіне кедергі жасау фактілері бойынша қозғалған. Сонымен қатар, қазанда КазТАГпен адвокат Светлана Оралбаеваға қатысты азаматтық істер қаралды. Оралбаева КазТАГ материалдарында Freedom Finance пен Турловты айыптағанымен, 22 қазандағы сот отырысында журналистпен әңгімесі жеке сипатта болғанын және рұқсатсыз жарияланғанын айтты. Ол агенттікті кәсібилік танытпады деп айыптады. Зерттеу ме, әлде ақпараттық шабуыл ма? Әсет Матаевтың адвокаты Рена Керимова айыптауларды толық жоққа шығарады. Оның сөзінше, YouTube-та жарияланған видеода адвокат тек нақты фактілерді айтқан, жалған ақпарат жоқ. Алайда басқа пікір де бар Orda.kz бас редакторы әрі негізін қалаушы Гүлнар Бажкенова Telegram-арнасында КазТАГ Freedom Finance-ке қарсы ақпараттық соғыс жүргізіп жатыр деп жазды. Алғашында ол мұны Kaspi банкімен байланыстырғанымен, кейін бұл пікірінен бас тартқан. Бажкенованың айтуынша, КазТАГ журналистері одан комментарий сұраған, алайда Турловты «Кимнің (Kaspi негізін қалаушы Вячеслав Ким – ред.) талантты бәсекелесі» деп бағалаған сөзі материалға кірмей қалған. Айта кетейік, Бажкенованың өзі де қазіргі уақытта ҚК 274-бабы бойынша қозғалған іс аясында үйқамақта отыр. Дәл осы бап КазТАГ басшылығына да тағылып отыр. Даудың қорытындысы Сарапшылар ақпараттық айқастардың негізгі себептері ретінде қоғамдық пікірді және бопсалауды атайды. John Hopkins зертханасының зерттеулерінде «мәжбүрлеу мақсатындағы ақпараттық операциялар» — яғни беделге нұқсан келтіру арқылы талап қою әрекеттері көрсетіледі. Қандай мақсат көзделгеніне қарамастан, мұндай шабуылдар екі тараптың да беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Қазір тергеу белсенді кезеңге өтті, барлық жайтқа нүктені сот қоймақ.

Ұқсас материалдар

КазТАГ пен Freedom Finance арасындағы дау: журналистік зерттеу ме, әлде ақпараттық шабуыл ма? · Todayinfo