Todayinfo.kz
Атырау облысыБарлық жазбаларды қарау

Кенжебай Мәденовке берілген тарихи марапат ел мерейін өсірді

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Кенжебай Мәденовке "Халық қаһарманы" атағы беріліп, оның ұлы Атырауда салтанатты түрде қарсы алынды. Бұл марапат бүкіл ел үшін зор мәртебе.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
Кенжебай Мәденовке берілген тарихи марапат ел мерейін өсірді

Бүгін Атырау халықаралық әуежайында соғыс ардагері Кенжебай Мәденовтің ұлы Махамбет Мәденовті салтанатты түрде күтіп алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

WhatsApp Image 2026-05-07 at 15.16.17 (2).jpeg

6 мамыр күні Мемлекет басшысының Жарлығымен майдангер Кенжебай Мәденовке Қазақстандағы ең жоғары мемлекеттік марапаттардың бірі – «Халық қаһарманы» атағы берілді. Сондай-ақ оған айрықша ерлігі үшін «Алтын жұлдыз» белгісі мен «Отан» ордені табысталды.

Салтанатты рәсімде облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев құттықтау лебізін білдіріп, бұл марапаттың тек Мәденовтер әулеті үшін емес, күллі ел үшін зор мәртебе екенін атап өтті. Оның айтуынша, батырдың ерлігі мен есімі ел жадында мәңгі сақталады.

Өз кезегінде Кенжебай Мәденовтің ұлы Махамбет Мәденов қуанышымен бөлісіп, ризашылығын білдірді.

WhatsApp Image 2026-05-07 at 15.16.17 (1).jpeg

Бұл күнді отбасымызбен ұзақ күттік. Әлі де сене алар емеспін. Осындай құрмет көрсетіп, әкеміздің ерлігін ұлықтаған мемлекетке, өңір басшылығына және барша қолдау білдірген азаматтарға алғысымды айтамын, - деді ол.

Кенжебай Мәденов Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында «Берлин» операциясына қатысып, Берлиндегі Рейхстагтан кейінгі маңызды стратегиялық нысандардың бірі – Ратуша ғимаратына взводын бастап алғашқылардың бірі болып кірген. Ол ғимаратты жаудан тазарту кезінде ерекше ерлік пен батылдық танытып, қаһармандығымен ел жадында қалды.

Іс-шараға облыс әкімдігі өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, отбасы мүшелері және қала тұрғындары қатысты.

Ұқсас материалдар