"Кешір мені": Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуінің өмірден өткенін хабарлады
Белгілі журналист Владимир Рерих дүние салды. Бұл туралы журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде хабарлады. "Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен… Володя, Владимир, Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды… – дейді Дана Нұржігіт. "1996 жылы 11 наурызда тан

Белгілі журналист Владимир Рерих дүние салды. Бұл туралы журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде хабарлады.
"Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен… Володя, Владимир, Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды… – дейді Дана Нұржігіт.
"1996 жылы 11 наурызда танысқан өзіңмен 2000 жылдан 15 жыл отастық.
Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ, сен менің тұлға болып қалыптасуыма,маман болып өсуіме,ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық,даналық, ар, кәсібиліктің билік өлшемі болдың. Парасатың, білімің, шешендік өнерің, зиялылығың ерекше еді.
Желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ, қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген, Володя!
Анаң Эмма Александровна, менің аяулы енемнің қасына кеттің…
Балаң өзіңді көріп, биылғы туған күніңмен бірінші болып құттықтағаны соңғы рет екен ғой… Мына дүниеден тыныштық таппаған,түсіністік таппаған жаның жәннәттан рахат тапсын! Кешір мені!", – деп жазды Дана Нұржігіт.
фото: ашық дереккөзден
Todayinfo.kz
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·