Желі қолданушылары екі өнер иесін жұп ретінде қосып, түрлі болжам жасаған. Осыған байланысты Еркебұлан Тоқтар Threads желісінде үн қатты.
Оның бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Кейбірі актердің өзін ақтап жатқанын сынға алса, енді бірі жеке өміріне қатысты сұрақтарын жаудырды.«Мені осы уақытқа дейін кіммен қоспады дейсіз? Бірақ Әсел Сағатовамен қосқандарыңыз тіпті шектен шықты. Ұят қой. Ол кісімен тек түсірілім кезінде “сәлеметсіз бе” деп амандасамын. Құдайдан қорықпай, өтірік әңгіме тарата береді екен», – деп жазды актер.
Желі қолданушыларының сұрағына актер жауап қайтарды.«Кішкентай бала сияқты ақталып отыр», «Тағы кіммен қосуға болады екен?», «Қыздармен қосып жүргендеріне шүкір деңіз», «Қазір кімменсіз?» деген пікірлер жазылды.




