Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Көз тиетіндей емес, қылықтары ерсі»: көпшілік Айгүл Иманбаеваның күйеуін сынап тастады

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өзінің Instagram парақшасында Лос-Анджелес көшелерінде күйеуімен серуендеген сәтінен бейнежазба жариялады. Өнер иесі АҚШ-тағы күнделікті өмірінің бір сәтін көрсетіп, жазбасын ағылшын тілінде қалдырған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық а

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Көз тиетіндей емес, қылықтары ерсі»: көпшілік Айгүл Иманбаеваның күйеуін сынап тастады
Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өзінің Instagram парақшасында Лос-Анджелес көшелерінде күйеуімен серуендеген сәтінен бейнежазба жариялады. Өнер иесі АҚШ-тағы күнделікті өмірінің бір сәтін көрсетіп, жазбасын ағылшын тілінде қалдырған,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Жарияланған сәттен бастап-ақ бейнематериал желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды. Көпшілік Айгүлге шынайы тілектерін білдіріп, оны бақытты өмірімен құттықтады.
Пікірлер арасында:
  • «Бақытты болыңыздар!»
  • «Айгүл – өте көрікті, ақылына көркі сай әйел»
  • «Махаббаттарыңыз баянды болсын!»
    сияқты жағымды лебіздер болды.
Дегенмен, оң пікірлермен қатар, сын айтушылар да табылды. Кейбір қолданушылар Айгүл Иманбаеваның жарының келбеті мен жүріс-тұрысына қатысты теріс пікір қалдырған.
Мысалы:
  • «Америкадан тапқан жарыңыз ұнамады. Уақытша қарым-қатынас сияқты»
  • «Күйеуіңіздің түрі де, қылығы да жат көрінеді»
  • «Бұлай ел алдына жиі шығу – жастық шаққа жарасар, сізге емес»
Жекелеген қолданушылар әншінің ағылшын тілінде жазған жазбасына көңілдері толмай, оны «өзін көрсетуге құмар» деп бағалады.      
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от (@aigul_imanbayeva)

Ұқсас материалдар