Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Көзіне жас алды»: Зеленский Чехияға сапарында еден жуушы әйелдермен фотоға түсті

5 мамыр күні Украина президенті Владимир Зеленский Чехияға ресми сапармен барды. Іс-шаралар аясында ол Чехия Парламентінің ғимаратында жұмыс істейтін украиналық еден жуушы әйелдермен кездейсоқ кездесіп, олармен суретке түсті, деп хабарлайды Todayinfo. Суреттерді Чехия Парламенті

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Көзіне жас алды»: Зеленский Чехияға сапарында еден жуушы әйелдермен фотоға түсті
5 мамыр күні Украина президенті Владимир Зеленский Чехияға ресми сапармен барды. Іс-шаралар аясында ол Чехия Парламентінің ғимаратында жұмыс істейтін украиналық еден жуушы әйелдермен кездейсоқ кездесіп, олармен суретке түсті, деп хабарлайды Todayinfo. Суреттерді Чехия Парламенті Мәжілісінің медиа кеңесшісі Даниэл Моравец пен вице-спикер Катарина Ришава түсірген. Зеленский түскі үзіліс кезінде көрші бөлмеде тұрған әйелдердің оны терезеден бақылап тұрғанын байқап, оларды бірге суретке түсуге шақырған. Даниэл Моравецтің айтуынша, бұл күтпеген сәт әйелдерді қатты толқытқан, тіпті кейбірі көз жасына ерік берген. Сапар барысында Украина мен Чехия F-16 және L-39 ұшақтарын басқаруға арналған ұшқыштар мектебін Чехияда ашу туралы келісімге келді. Сондай-ақ бейбітшілікті орнатуға қатысты дипломатиялық бастамалар мен Ресейге қысым көрсету тетіктері талқыланды. Фото: Daniel Moravec

Ұқсас материалдар