Todayinfo.kz
AQORDAБарлық жазбаларды қарау

Қазақстан консулдығы Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында ашылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхке Қазақстанның Баян-Өлгий аймағында консулдық мекемесін ашуға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Қазақстан консулдығы Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында ашылады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхке Қазақстанның Баян-Өлгий аймағында консулдық мекемесін ашуға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
— Біз екіжақты қатынастардың барлық бағыттары бойынша мазмұнды және нәтижелі келіссөздер жүргіздік. Саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салаларда өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту туралы келістік. Атап айтқанда, Қазақстанның Моңғолиядағы Баян-Өлгий аймағында консулдық мекемесін ашу туралы өзара уағдаластыққа қол жеткізілді, — деді Мемлекет басшысы келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме барысында.
Оның пікірінше, бұл шынымен де ортақ тарихы мен тамыры бар екі бауырлас ел арасындағы стратегиялық серіктестік рухына сәйкес келетін маңызды қадам деп атауға болады.
— Сонымен қатар, бұл моңғол халқының қазақ халқына деген жақсы қарым-қатынасы мен шынайы достығының айқын көрінісі болып табылады. Біз бұл шешімді жоғары бағалаймыз. Осы орайда Президент Хүрэлсүх мырзаға үлкен алғысымды білдіргім келеді, — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас материалдар