Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Криштиану Роналду қарсыласы мен төрешіге қол көтерді (ВИДЕО)

Португалиялық даңқты футболшы Криштиану Роналду матч кезінде жанжал шығарып, алаңнан қуылды. Бүгін Сауд Арабия Суперкубогының жартылай финалдық кезеңінде «Әл-Наср» мен «Әл-Хиляль» футбол клубтары кездесті. Нәтижесінде Роналду өнер көрсететін «Әл-Наср» 2:1 есебімен жеңіліп, жарыс

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Криштиану Роналду қарсыласы мен төрешіге қол көтерді (ВИДЕО)
Португалиялық даңқты футболшы Криштиану Роналду матч кезінде жанжал шығарып, алаңнан қуылды. Бүгін Сауд Арабия Суперкубогының жартылай финалдық кезеңінде «Әл-Наср» мен «Әл-Хиляль» футбол клубтары кездесті. Нәтижесінде Роналду өнер көрсететін «Әл-Наср» 2:1 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады. Ойынның 86-минутында Роналду қарсыласымен алаңнын сыртына шығып кеткен допқа таласып, оны шынтағымен ұрып жіберді. Ойынның бас төрешісі Әл-Хоаиш португалиялықтың осы әрекеті үшін бірден қызыл қағаз көрсетті. Ал Криштиану ашуға булығып, оған да жұдырық ала жүгірді. Айта кетсек, 11 сәуірде Сауд Арабия Суперкубогының финалында «Әл-Иттихад» пен «Әл-Хиляль» футбол клубтары күш сынасады. Бұл ойын Абу-Дабидегі «Мұхаммед бин Зайед» алаңында өтеді.  

Ұқсас материалдар