Күйеуінің жыныс мүшесін кесіп тастаған әйел сот залынан ақталып шықты
Бразилияда серіктесін өлтірген әйел сотта кінәсіз деп танылды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. 36 жастағы Эрика Перейра да Силвейра Висенти алқабилер сотының шешімімен кісі өлтіру және мәйітті жасыру айыптары бойынша толық ақталды. Қорғаушы тарап әйел өз қы
Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу

Бразилияда серіктесін өлтірген әйел сотта кінәсіз деп танылды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
36 жастағы Эрика Перейра да Силвейра Висенти алқабилер сотының шешімімен кісі өлтіру және мәйітті жасыру айыптары бойынша толық ақталды.
Қорғаушы тарап әйел өз қызын қорғау үшін әрекет етті деп дәлелдеді. Ал прокурорлар оның әрекеті алдын ала жоспарланған, сондықтан жауапқа тартылуға тиіс деген уәж айтқан.
Іс материалдарына сәйкес, Эрика 38 жастағы Эвертон Амаро да Силваның телефонынан өзінің 11 жастағы қызына арналған сексуалдық мазмұндағы хабарламаларды көрген. Кейін ол ер адамды қызымен бірге жатқан жерінен ұстап алған.
Осыдан кейін әйел серіктесінің сусынына клоназепам қосып, ол есінен танған кезде оған бірнеше рет пышақ сұғып, соққы жасаған. Кейін мәйітті бос жатқан жерге апарып, оның жыныс мүшесін кесіп, денесін өртеп жіберген.
Алқабилер қорғау тарапының дәлелдерін сенімді деп таныды. 24 ақпанда шыққан үкім бойынша Эрика барлық айыптан босатылды. Ол сот үкімін күткен бір жыл бойы қамауда болған. Оқиға Бразилия қоғамында кең резонанс тудырды.
Ұқсас материалдар

Әлем
Соғыс кезінде сумен жабдықтауды нысанаға алу тапшылық дағдарысын қалай ушықтырады?
Мұхтар Жексенбай·

Әлем
Румынияда әйелдерді өлтіргені үшін жаза қатаңдатылды: фемицид жеке санатқа бөлінді
Мұхтар Жексенбай·

Әлем
Варуфакис Палатир, жасанды интеллект соғысы және технолордтардың көтерілуі туралы
Мұхтар Жексенбай·

Әлем
Иран сыртқы істер министрі Ресейге келіп, Путинмен кездеседі
Мұхтар Жексенбай·