Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

Күніне 10-15 жүк көлігімен тауар тасымалданады - Қазақстандық кәсіпкер Хоргоста халықаралық сауданың жаңа үлгісін жасап отыр

Қазақстандық Рүстем атты кәсіпкер 15 жыл бұрын Хоргос халықаралық шекара маңындағы ынтымақтастық орталығына алғашқылардың бірі болып инвестиция салған. Ол қазіргі таңда ірі логистикалық жобаны сәтті жүргізіп келеді, деп хабарлайды Todayinfo. «2010 жылы біз Қазақстан жағынан алғаш

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Күніне 10-15 жүк көлігімен тауар тасымалданады - Қазақстандық кәсіпкер Хоргоста халықаралық сауданың жаңа үлгісін жасап отыр
Қазақстандық Рүстем атты кәсіпкер 15 жыл бұрын Хоргос халықаралық шекара маңындағы ынтымақтастық орталығына алғашқылардың бірі болып инвестиция салған. Ол қазіргі таңда ірі логистикалық жобаны сәтті жүргізіп келеді, деп хабарлайды Todayinfo.
«2010 жылы біз Қазақстан жағынан алғашқы инвестор ретінде осы орталыққа келдік. Сол жылы құрылыс жұмыстарын бастап, ауқымды логистикалық жобаны іске қостық», - дейді кәсіпкер.
Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттықты тиімді ұйымдастырып, қойма және логистика жүйесін жетілдіру. Екі елге де Еуропаға тауар жеткізіге арналған қоймалық инфрақұрылымның қажеттілігіне байланысты бұл бастама ерекше маңызға ие болып отыр. Рүстемнің айтуынша, орталықтағы жұмыс форматы - бірегей. Екі мемлекеттің азаматтары визасыз режимде орталыққа кіріп, келіссөз жүргізіп, сауда жасап, бизнесін дамыта алады.
«Бизнес жүргізудің, тауар тасымалдаудың мұндай ашық әрі тиімді форматы әлемнің басқа елдерінде жоқ», - дейді ол.
Орталықтың географиялық орналасуы да тиімді: мұндағы тауарлар 3-4 күн ішінде Орталық Азия елдеріне жеткізіледі. Қазіргі таңда күніне 10-15 жүк көлігімен тауар экспортталып отыр. Хоргос халықаралық орталығы Еуразиялық кеңістіктегі стратегиялық логистикалық торапқа айналып келеді. https://www.youtube.com/watch?v=o71dX_aIKq4

Ұқсас материалдар

Күніне 10-15 жүк көлігімен тауар тасымалданады - Қазақстандық кәсіпкер Хоргоста халықаралық сауданың жаңа үлгісін жасап отыр · Todayinfo