Todayinfo.kz
СпортБарлық жазбаларды қарау

Күші кеткен: Атақты Мэнни Пакьяо WBC чемпиондық белдігінен айырылып қалды

Тheguardian.com / John Locher/AP Аты аңызға айналған филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо (62-8-3, 39 КО) жартылай орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткізген жекпе-жекте қарсыласын ұта алмады, деп хабарлайды Todayinfo. Пакьяоның бұл жолғы қарсыласы – америкалы

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Күші кеткен: Атақты Мэнни Пакьяо WBC чемпиондық белдігінен айырылып қалды
Тheguardian.com / John Locher/AP
Аты аңызға айналған филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо (62-8-3, 39 КО) жартылай орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткізген жекпе-жекте қарсыласын ұта алмады, деп хабарлайды Todayinfo.
Пакьяоның бұл жолғы қарсыласы – америкалық Марио Барриос (29-2-2, 18 КО). Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand аренасында өтіп, он екі раундқа жоспарланды. Пакьяо қарсыласын нокаутқа түсіре алмады. Чемпионды төрешілер анықтады: екеуі тең есеп тіркесе (114:114), біреуі 115:113 есебімен жеңісті Барриосқа берді. Осылайша, көпшіліктің шешімі бойынша кездесу тең аяқталып, 46 жастағы Пакьяо WBC чемпиондық белдігін иелене алмады. Филиппиндік Мэнни Пакьяо соңғы рет 2021 жылы жұдырықтасқан.

Ұқсас материалдар

Күші кеткен: Атақты Мэнни Пакьяо WBC чемпиондық белдігінен айырылып қалды · Todayinfo