Өскеменде Целинная көшесіндегі автосервисте дизель отыны мен пайдаланылған май құйылған ыдыстар өртенді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-ге сілтеме жасап, Orda.kz хабарлады.
Өрт 102 шаршы метр аумақты қамтыды. ТЖД бөлімшелері оқиға орнына келгенде қою түтінді байқап, цистерналар мен құрылыстар ашық жалынмен жанғанын анықтады. Өрт сөндірушілер дереу оқпандарды беріп, өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін сөндіруге кірісті.
Жұмыс барысында құтқарушылар қауіпті аймақтан төрт оттегі және екі газ баллонын алып шығып, жарылыс қаупінің алдын алды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.




