Алматыда Бөгенбай батыр мен Бегалин көшелерінің қиылысында үлкен ағаш құлады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, ағаш адамдардың үстіне құлаған, бірақ олар әзер дегенде үлгеріп, қашып құтылған. Дегенмен терек бұтақтары тұрақта тұрған көліктерге тиіп, олардың кузовтарында сызаттар қалдырған. Сонымен қатар ағаш құлаған кезде электр сымдары да үзілген.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Редакция Алматы қалалық ТЖД-ға ресми сұрау жолдады.
Бұған дейін Шымкентте төртінші сынып оқушысы ағаш бұтағы құлап, қаза тапқаны хабарланған болатын. Шымкент әкімдігі марқұмның туыстарына көңіл айтты.




