Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Мәдениет саласы ескірді: Балаева жасанды интеллектіні енгізуді тапсырды

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева саланың ескіргенін мойындап, жасанды интеллектіні енгізу арқылы жаңғыртуды тапсырды.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Мәдениет саласы ескірді: Балаева жасанды интеллектіні енгізуді тапсырды

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева салалық мекемелердің жұмысын сынға алып, оларды заман талабына сай жаңғырту үшін жаңа міндеттер қойды. Астанада өткен министрліктің кеңейтілген алқа отырысында 2025 жылғы жұмыс қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған стратегиялық бағыттар талқыланды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Аида Балаева өз сөзінде ұлттық мәдениетті қолдау мен тарихи мұраны сақтау мәселесі алғаш рет конституциялық деңгейге көтерілгенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл мемлекеттің іргелі дамуы үшін маңызды қадам болып саналады.

Министр саланың қазіргі ахуалына тоқтала келе, ескірген жұмыс тәсілдерінен арылып, цифрлық технологияларды батыл енгізу қажеттігін баса айтты. Ол әсіресе жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға шақырды.

"Министрлік пен оған қарасты ұйымдардың жұмысына цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу керек. Саланың бірыңғай әрі кешенді цифрлық даму стратегиясын шұғыл әзірлеуді тапсырамын", - деді Аида Балаева.

Сондай-ақ жиында сөз бостандығына кепілдік беру және азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау мәселелері де талқыланды. Отырысқа қатысушылар креативті индустрияны қолдау, ақпараттық саясатты жетілдіру, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін арттыру және жастар мен отбасы саясатын тиімді іске асыру жолдарын қарастырды.

Жиын соңында Үкімет басшысының орынбасары ведомствоаралық байланысты күшейтіп, қойылған міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді жүктеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Мәдениет саласы ескірді: Балаева жасанды интеллектіні енгізуді тапсырды · Todayinfo