Todayinfo.kz
МәдениетБарлық жазбаларды қарау

Мәдина Ералиеваның құпия күнделігі: әншінің отбасылық сырлары ашылды

Марқұм әнші Мәдина Ералиеваның жеке жазбалары жарияланып, онда ұлының әкесі Болат Атабаевпен қарым-қатынасы және жеке өмірінің беймәлім тұстары баяндалған.

Авторы Todayinfo редакциясы··2 мин оқу
Мәдина Ералиеваның құпия күнделігі: әншінің отбасылық сырлары ашылды

Желіде марқұм әнші Мәдина Ералиеваның бұрын-соңды жарияланбаған күнделігінен үзінділер тарады. Онда өнер иесінің жеке өміріндегі құпиялар мен мұңы баяндалған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Әсет Ақмолда есімді азамат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ эстрадасының жарық жұлдызының жан сыры жазылған естелік-жазбасын жариялады. Күнделікте әнші жалғыз ұлы Арсеннің әкесі белгілі режиссер Болат Атабаев екенін айтып, екі қалада өмір сүру отбасының бұзылуына себеп болғанын жазады.

«Жалғыз ұлымның әкесі – белгілі театр режиссері Болат Атабаев. Ол да өзім сияқты өнер адамы ғой. Ол Қарағандыдағы жалғыз неміс театрына қызметке кетті. Ол жақтан пәтер алғанға дейін мен Алматыда қалғанмын. Осы бір екі жақта өмір сүрген қиын күндер арамызға біраз салқындық түсірді. Ақыры бөлініп тындық қой. Ұлының атын Арсен деп қойған да өзі еді», – деп жазған өнер иесі.

Сонымен қатар ол гастрольдік сапарларда көп жүргендіктен, бала тәрбиесімен сіңлісі Сағира айналысып, үнемі демеу болғанын жасырмаған.

«Ылғи маған демеу болып келген Сағира деген сіңлім бар. Сол сіңлім баламды көп жетеледі. Өздерің білетіндей, ұлыма қарауға онша уақытым болған жоқ. Көбінесе, концерттік сапарда жүрдім. Сол кезде көп уайымдаушы едім «менің баламды бағам деп сіңлім жалғыз қалса, обалына қаламын-ау» деп. Құдайға шүкір, қазір отбасылы», – делінген күнделікте.

Сондай-ақ әнші баласының жат жұртта емес, өз елінде білім алғанын құп көргенін және ел арасында тараған қауесеттерге нүкте қойғанын жазған.

«Баласын шетелге оқытуды мақтан тұтатындар көп, менің де сондай мүмкіндігім болды. Бірақ, қорықтым. Бір кездері ел ішінде «Мұстафа Өзтүрік Мәдинаға «Мерседес» автокөлігін сыйлапты» деген сөз тарады. Бос сөз! Мұстафа Өзтүрік менімен жақсы сыйласты, өнеріме тәнті болды. Бірақ ешқашан ірі сыйлық жасаған емес», – деп жазды марқұм.

Ұқсас материалдар