Атыраудағы қоқыс толы пәтердің бірінен 60 жастағы ер адамның бірнеше күн жатып қалған мәйіті шығарылды. Көршілері сысыған иісті сезіп, полиция шақырған, деп хабарлайды Todayinfo.
Atyrauonline желі басылымының хабарлауынша, ер адам жылдар бойы үйіне қоқыс жинаған. Қайғылы жағдайдан кейін подъезд ішіне адам төзгісіз иіс тараған.
Көршілер ақша жинап, жұмысшылар жалдап, қоқысты шығарған. Алайда иіс одан кете қоймаған.
«Балаларымыздың денсаулығы үшін алаңдаймыз. Иіс кетпейді. Дезинфекция жүргізуді сұраймыз»,- дейді тұрғындардың бірі Болған Жидекбай.
«Бүкіл қоқысты шығарып тастадық, бірақ түрлі инфекция мен мен иіс қалды. Билік үнсіз отыр»,- деп қосты Ләззат Дәулетбаева.
Әкімдіктің айтуынша, тазалау жұмыстарын арнайы бригада жүргізген, ал СЭҚ-ға хат әзірленіп жатыр.
«Біз санитарлық қызметтерге ресми сұраныс жолдаймыз. Сонымен қатар пәтерге дезинфекция жүргізу жоспарлануда», - деді әкімдік баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлеген.
Көршілер өз денсаулықтары үшін алаңдап отыр. Олар қоқыс арасында өлген қарияның мұндай жағдайға қалай тап болғанын білмейміз дейді.




