Ақын қоғамда шала қазақша сөйлеудің кең таралғанын айтып, бұл құбылысты әлеуметтік сұраныстың нәтижесі деп түсіндірді.«Мен негізінен қосып сөйлемеуге тырысамын. Бірақ қазір орыс тілді аудиторияның маған махаббаты оянып, жаныма жақындап жатыр. Кейде соларға құндылық жеңіл жетсін деп, сөздерді қолданамын. Бірақ оны мен қылмыс деп есептеймін», - деді Мұхамеджан Тазабек.
Мұхамеджан Тазабек қытай тілінің де қазіргі кезде кеңістікте байқалып келе жатқанын, оның мысалы ретінде әуежайларда пайда болған қытайша жазбаларды атады.«Ондай қылмыс басынан өткеріп жатқан адам көп. Жалпыға айналып келген кезде қоғам, сұраныс сені мәжбүрлейді», -дейді ол.
Ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларында орыс сөздерін орынды қолданғанын мысалға келтіріп, мұндай тәсілді тілді жек көру емес, қайта түсінікті ету жолы деп бағалады.«Қазір әуежайға барғанда қай ұшақтың қашан кететініні қытай тілінде жазылып тұр, яғни клиент, сұраныс бар, қытай тілінің өзі қолданысқа кіріп жатыр», - деді ол.
«Мен Абай дәстүрін ұстанатын адаммын. Абайдың өзі кейбір сөздерді дұрыс түсінуі үшін өзінің өлеңдерінде, қара сөздерінде орыс сөздерін қолданған. Сондықтан Абай тілді жек көріп, иленіп, идеологияға беріліп қолданған жоқ», - деді айтыскер.




