Қазақстан шекарасына жақын жерде 5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
ҚР ҰЯО РМК деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, 28 сәуірде Астана уақытымен сағат 4:05-те (Гринвич бойынша 27 сәуірде сағат 23:05-те) Қытай аумағында жер сілкінісі болды. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 41,35 градусы, шығыс бойлықтың 84,08 градусы.
Магнитудасы mb=5, энергетикалық класы K=12.2, тереңдігі h=22 км.




