Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Махмұд Сабырханға өзбек боксшысы түсуі мүмкін: Азия чемпионатының жеребесі

Моңғолияда өтетін бокстан Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Махмұд Сабырхан, Оралбай ағайындылары сынды көшбасшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Махмұд Сабырханға өзбек боксшысы түсуі мүмкін: Азия чемпионатының жеребесі

Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтетін бокстан Азия чемпионатының жеребе тарту рәсімі аяқталып, Қазақстан ұлттық құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ерлер арасындағы бәсекеде бірқатар көшбасшымыз алғашқы жекпе-жегін күтіп тұр. Атап айтқанда, 55 келідегі Махмұд Сабырхан иорданиялық Махди Альмасалех пен өзбекстандық Шахзод Музафаров жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал 85 келідегі Нұрбек Оралбай моңғолиялық Барлаахан Дору мен иорданиялық Мохаммад Сулейман арасындағы жекпе-жектің жеңімпазын күтеді.

Ерлер құрамасының алғашқы қарсыластары:

50 келі: Санжар Тәшкенбай – Баглан Ергешов (Қырғызстан) / Вишванат Суреш (Үндістан) жеңімпазымен.
60 келі: Оразбек Асылқұлов – Поль Баскон (Филиппин).
65 келі: Ертуған Зейнуллинов – Ю Линь (Тайбэй).
70 келі: Төрехан Сабырхан – Ким Юн Су (Оңтүстік Корея) / Шамшер Саидов (Тәжікстан) жеңімпазымен.
75 келі: Сабыржан Ақалықов – Яги Талга (Жапония).
80 келі: Ерасыл Жақпеков – Сагын Сатыбалды (Қырғызстан) / Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан) жеңімпазымен.
90 келі: Сағындық Тоғамбай – Хань Сюэчжэнь (Қытай).
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай – Бекнур Хали (Моңғолия) / Арман Маханов (Өзбекстан) жеңімпазымен.

Әйелдер құрамасының алғашқы қарсыластары:

Әйелдер арасында да тартысты кездесулер күтілуде. 48 келідегі Әйгерім Сәттібаева бірінші айқасын өзбекстандық Сабина Бобокуловаға қарсы өткізсе, 51 келіде Жәзира Орақбаева Солтүстік Корея өкілі Кум Бьель Анмен жұдырықтасады.

48 келі: Әйгерім Сәттібаева – Сабина Бобокулова (Өзбекстан).
54 келі: Элина Базарова – Прити (Үндістан).
60 келі: Римма Волосенко – Прия (Үндістан).
65 келі: Лаура Есенкелді – Боро Анкушита (Үндістан).
75 келі: Валентина Хальзова – Суен Сон (Оңтүстік Корея).
80 келі: Надежда Рябец – Пуджа Рани (Үндістан).
80 келіден жоғары: Дина Исламбекова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан).

Құрлықтық дода 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Махмұд Сабырханға өзбек боксшысы түсуі мүмкін: Азия чемпионатының жеребесі · Todayinfo