Маңғыстау облысында жас жігіт суға батып кетті
Ақтау қаласынан оңтүстікке қарай 33 шақырым жерде, суға шомылуға жабдықталмаған аймақта 2003 жылы туған жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды mangystaumedia. Суға батқан жігітті іздестіруге өңірлік Төтенше жағдай департаментінен 15 құтқарушы, 5 техника, 4 жүзу құралдары және

Ақтау қаласынан оңтүстікке қарай 33 шақырым жерде, суға шомылуға жабдықталмаған аймақта 2003 жылы туған жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.
Суға батқан жігітті іздестіруге өңірлік Төтенше жағдай департаментінен 15 құтқарушы, 5 техника, 4 жүзу құралдары және 2 дрон жұмылдырылған.
Сондай-ақ өзара іс-қимыл шеңберінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Маңғыстау облысы бойынша 1 шағын күзет кемесі, 4 сүңгуір, 2 бірлік техника жұмылдырылған. Бұдан бөлек, ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ЕО-145 тікұшағы тартылған.
Іздеу жұмыстары барысында У.есімді азаматтың жағадан 90 метр ұзап кеткені анықталып, денесі 3 метр тереңдіктен табылды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·