Оңтүстік Ливандағы Израиль әскерінің операциясы кезінде алып жарылыс болды. Видео түсірілімде көрініп тұрғандай, жарылыс Израиль әскерилерінің Хезболланың туннеліне жасаған соққысынан болған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац оңтүстік Ливанның тағдыры Газа секторының тағдырындай болатынын ескертті. Бұл аймақта тағы да бірнеше шабуылдар болған.
«Оңтүстік Ливанның тағдыры Газа секторының тағдырындай болады», — деді Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац.




