Мбаппе алғашқы голын соқты, Польша алғашқы ұпайын еншіледі
Фото: Kevin C. Cox/Getty Images Еуро-2024 турнирінің D тобында өнер көрсететін Франция мен Польша құрамалары үшінші тур аясында кездесті. Бұл матчта Франция мен Польша құрамалары тең тарқасты. Ойын Дортмунд қаласында орналасқан «BVB-Штадион» стадионында өтті. Бұл ойынның есебін Ф

Фото: Kevin C. Cox/Getty Images
Еуро-2024 турнирінің D тобында өнер көрсететін Франция мен Польша құрамалары үшінші тур аясында кездесті. Бұл матчта Франция мен Польша құрамалары тең тарқасты.
Ойын Дортмунд қаласында орналасқан «BVB-Штадион» стадионында өтті.
Бұл ойынның есебін Франция ұлттық құрамасы ашты. Ойынның 56-минутында Польша қақпасына белгіленген пенальтиді мүлтіксіз орындаған Киллиан Мбаппе Франция құрамасын есепте алға шығарды. Бұл Мбаппенің Еуропа біріншілігіндегі алғашқы голы.
Ал Польша құрамасының капитаны Роберт Левандовски ойынның 79-минутында пенальти орындап, допты қақпаға дәл тоғытады.
Сөйтіп, Польша есепті теңестірді. Ойын соңына дейін осы есеп сақталды. Есеп – 1:1.
Ал осы топта өнер көрсететін Аустрия мен Нидерланд құрамалары үшінші тур аясында кездесіп, аустриялықтар 3:2 есебімен сенсациялық жеңіске қол жеткізді.
D тобының үшінші тур ойындарының нәтижесі бойынша Аустрия 6 ұпаймен, Франция 5 ұпаймен плей-оффқа тікелей жолдама алды. Ал Нидерланд құрамасы 4 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Бұл топта Польша құрамасы Еуро-2024 турниріндегі алғашқы ұпайына қол жеткізіп, соңғы орынды еншіледі.
Айта кетейік, топтық кезеңде бірінші және екінші орын алған құрамалар, сондай-ақ әр топта үшінші орынды межелеген құрамалар арасында нәтижесі жоғары ең үздік төртеуі плей-оффқа жолдама алады.
Германиядағы Еуропа біріншілігінде 24 құрама бақ сынап жатыр. Топтық кезеңнің ойындары ертең, 26 маусымда аяқталады, ал плей-офф кезеңі 29 маусымда басталады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·