Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Мектепте қанша оқушы буллингке ұшырайды? Зерттеу нәтижесі белгілі болды

Фото: istockphoto.com ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Алтынай Есқалиева жасөспірімдердің психикалық және физикалық әл-ауқатына қатысты зерттеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды  Todayinfo.

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Мектепте қанша оқушы буллингке ұшырайды? Зерттеу нәтижесі белгілі болды
Фото: istockphoto.com ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Алтынай Есқалиева жасөспірімдердің психикалық және физикалық әл-ауқатына қатысты зерттеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Todayinfo. Жасөспірімдер арасында психикалық денсаулық мәселелері өршіп тұр 🔹 Созылмалы аурулар: 11-14 жас аралығындағы жасөспірімдердің 9,9%-ында созылмалы аурулар анықталған. 🔹 Психикалық әл-ауқат: 11-15 жас аралығындағы балалардың 16,6%-ы депрессия белгілерін көрсеткен. 🔹 Денсаулық шағымдары: 36,4% жасөспірімдер денсаулығына қатысты әртүрлі шағымдар білдірген. Зиянды әдеттер және қауіпті мінез-құлық 📌 Темекі шегу: Жасөспірімдердің 6,6%-ы темекі шегеді. 📌 Алкоголь: 4,6% жасөспірімдер өмірінде бір немесе бірнеше рет масаң күйде болған. 📌 Жыныстық қатынас: 5,6%-ы ерте жыныстық қатынасқа түскен. Буллинг және әлеуметтік желілердің әсері 📍 Буллинг: 17,5% жасөспірімдер мектептегі қорлаудың (буллингтің) құрбаны болған. 📍 Кибербуллинг: Балалардың 3,4%-ы айына кемінде бір рет онлайн қорлауға (кибербуллингке) ұшыраған. 📍 Әлеуметтік желілер: 12,7% жасөспірімдер әлеуметтік желілерді шамадан тыс қолданатындар санатына жатады. Зерттеу нәтижелері онлайн-коммуникацияның балалардың ұйқысына, психикалық денсаулығына және мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді. Ұлттық мониторинг жүйесі қажет Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қорғау және олардың мінез-құлқын бақылау мақсатында ұлттық және өңірлік деңгейлерде мониторингтеу жүйесін енгізу маңызды. Бұл жүйе балалардың физикалық және психологиялық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.    

Ұқсас материалдар

Мектепте қанша оқушы буллингке ұшырайды? Зерттеу нәтижесі белгілі болды · Todayinfo